• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігнің бұйрығы №172

258 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 22 сәуір , Астана қаласы Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормаларын бекіту туралы «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 46) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. БОЗЫМБАЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ____________ Қ. Бишімбаев 2016 жылғы 29 маусым Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі №172 бұйрығымен бекітілген Энергия өндіруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңде пайдаланатын отын қорының нормасы 1. Қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін: 1) жеткізу қашықтығы 200 километрге дейін болғанда 10 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері; 2) жеткізу қашықтығы 200 километрден астам болғанда 20 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері. 2. Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін, оларда қатты отын және (немесе) мазут: авариялық отын, 5 тәулікке арналған отын мөлшері; резервті отын, 10 тәулікке арналған отын мөлшері болып табылады. 3. Мазут жағатын отын болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін: 10 тәулікке арналған отын мөлшері, бұл ретте бір мезгілде жағылатын агрегаттар саны: электр станциясында – номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар 4х200 мегаватт, 3х300 мегаватт және одан жоғары блоктардан; жылу электр орталығында – номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар екі ең үлкен қазаннан аспауға тиіс. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14033 болып енгізілді.